Департамент басшысы бірқатар нотариустарды аралады

70

0

Департамент басшысы бірқатар нотариустарды араладыБүгін Қызылорда облысының Әділет департаментінің басшысы Қ.Сапаров Қызылорда қаласында орналасқан бірқатар жекеше нотариустардың кеңсесін аралады. Атап айтқанда, Әжікова көшесінде орналасқан нотариус Р.Баймаханның, Желтоқан көшесінде орналасқан нотариус А.Макжанованың, Байсеитова көшесінде орналасқан нотариус А.Кушерованың, Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында орналасқан бірнеше нотариустардың кеңсесінде болып, халыққа сапалы құқықтық көмек көрсетудегі қызмет барысымен танысты.
Бүгінгі таңда Қызылорда облысында барлығы 122 жекеше нотариус халыққа нотариаттық қызмет көрсетуде. Алдағы уақытта Әділет департаментімен нотариустардың қызметін бақылау және қадағалау жұмыстары жалғасын табатын болады.

Департамент басшысы бірқатар нотариустарды аралады

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз