ДЕПУТАТ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

40

0

ДЕПУТАТ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫҚосшыңырау ауылдық округінде қалалық мәслихаттың депутаты Ғалымбек Жақсылықов қабылдау өткізді. Бұл туралы Ғалымбек Жақсылықов өзінің «Фейсбук» парақшасында жариялады. 

    №1 Қызылжарма сайлау округіне қарасты Қосшыңырау ауылдық округінде болып, ауыл тұрғындарын қабылдады. Қоғамдық қабылдауда тұрғындар тарапынан ауыз су, ауыз су жүйесін ұзарту, Абай ауылының кіре-беріс жолына жөндеу жұмыстарын жүргізу, табиғи газбен қамтамасыз етілуі, мектепке баратын балаларға арналған жаяу жүргіншілер жолы мен белгісі, балаларға жазғы демалыс орталығына бару үшін жолдама алуға ықпал жасау мәселелер көтерілді, шешу жолдары талқыланды. 

    Айта кету керек, Қызылжарма сайлау округіне Қызылжарма, Қарауылтөбе және Қосшыңырау ауылдық округтері кіреді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз