Д.Есемұратов «Үздік құтқарушы» атанды

58

0

Д.Есемұратов «Үздік құтқарушы» атандыҚызылорда облысында әр салада қажырлы қызмет атқарып жүрген үздіктер анықталды. Марапатты аймақ басшысы Қ.Көшербаев табыстады.
Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті Оңтүстік өңірлік
аэромобильдік жедел құтқару жасағының бөлім басшысы Данышбай Есемұратов
«Жыл құтқарушысы» номинациясымен марапатталды.
Данышбай Маханұлы жетекшілік жасайтын жасақ жауапты аймағында
авариялық және іздестіру құтқару жұмыстарына ұдайы қатысады. Ағымдағы
жылдың 10 ақпанында Шиелі ауданына қарасты «Телкөл» көлінде балық
аулауға шығып, хабар-ошарсыз жоғалып кеткен азаматтарды
іздестіру-құтқару жұмыстары барысында және, үстіміздегі жылдың қараша
айының 8-9 күндері Қызылорда-Жезқазған тас жолында батып қалған 95 адамы
бар 18 техниканы құтқарып шығаруда белсенділік  танытты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз