Деструктивті діни ағымның ұстанушысы боп шықты

48

0

  

Қызылорда облысының ІІД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралардың нәтижесінде ғаламтор желісіндегі әлеуметтік парақшасы арқылы діни алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана әрекеттер жасаған Қызылорда қаласының 26 жастағы тұрғыны ұсталды.

Оқиға 2017 жылдың наурыз айында орын алған. Аталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, деструктивті діни ағымның ұстанушысы екендігі анықталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, айғақ зат ретінде аудиожазбалар алынып, бірқатар жедел іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде жоғарыда аталған азамат 2017 жылғы 05 маусымда соттың шешімі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылып, 2 жылға шартты түрде сотталды.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз