
«Болар істің алдын кеспе, деп айтады. Бірақ сіздің алдыңызда айтқым келіп отыр. Алдағы уақытта мені MTV Music Awards номинациясына ұсынып жатыр деп естідім. Өзімнің арманым – үлкен аренада, жанды дауыста концерт беру. Сол арманыма қол жеткізуге үлкен демеу көрсетіп жатқандарыңыз үшін үлкен рахметімді айтамын», – деді Димаш ҚР Президентіне қарата.