Димаш Лара Фабианмен дуэт орындайды

55

0

Димаш Лара Фабианмен дуэт орындайды Димаш Құдайберген Астана қаласында Лара Фабианмен және ағайынды Меладзелермен дуэт орындайды. Бұл туралы qamshy.kz хабарлайды.
Ғаламат концерттік бағдарлама 27 маусымда өтеді. Мәдениет және спорт министрілігінің хабарлауынша, билет алдағы екі апта ішінде сатылымға шығады. Мәдениет және спорт министрлігі пресс-конференция барысында ЭКСПО-2017 көрмесінде өтетін іс-шаралар жайында хабарлады. Солардың бірі Димаш Құдайбергеннің әлемге танылған әншілермен қосылып ән айтуы. «Біз Димаш Құдайбергеннің жеке концертін беруге міндеттіміз. Концерт 27 маусымда өтеді деп әншімен келісімге қол қойдық. «Димаш Құдайберген шақырады» концерті «Астана-аренада» өтеді», – деп хабарлады Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Димашпен бірге Валерий және Константин Меладзелер, сондай-ақ Лара Фабиан қосылып ән шырқайды. Аталмыш әншілер де концертте өнер көрсететінін растады. Қазіргі уақытта, басқа да атақты әлем әншілерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Мәліметке сүйенсек, ешбір әнші жеке ән айтпайды. Келгендердің бәрі дерлік Димашпен қосылып ән айтатын болады. Сондай-ақ, концертке келген шетел әншілерінің Димаш Құдайберген жайлы да, еліміз жайлы да хабары болуы тиіс екен.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз