Димаш орындаған кезекті саундтректің бейнебаяны шықты

46

0

Қытайдың Tencent видео-порталында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің «Moonlight Blade» атты онлайн-ойнына жазған саундтрегінің бейнебаяны жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Уақыт-теңіз» (时光•沧海) әнінің аранжировкасын «Жауыздық мекені» («Обитель зла»), «Титаник» және «Жұлдыздар шайқасы» («Звездные войны») Голливуд фильмдерінің саундтрегін жазған музыканттар жасады.

Айта кетейік, «Moonlight Blade» –  қытайлық Tencent компаниясының 3D форматтағы онлайн интернет-ойыны. Ойын мазмұны қытайлық жазушы Сюн Яухуаның шығармалар желісінің төртінші бөлімі негізінде құралған.

Онлайн-ойын 11 шілде күні түңгі сағат 12-де іске қосылды.

Еске сала кетейік, Димаш Қытайдағы «Singer 2017» байқауына қатысып, әлемдік танымалдылыққа ие болғаннан кейін, қытайлық «Battle of Memories» және голливудтық «Power Rangers» фильмдерінің саундтрегін орындаған болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз