Димаш ұстазымен Beijing Concert Hall-да өнер көрсетеді

68

0

Димаш ұстазымен Beijing Concert Hall-да өнер көрсетеді Бүгін Бейжіңде Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсақожаева мен Singer-2017 байқауының 2-орын иегері Димаш Құдайберген «Жарқын Жібек жолы бойындағы кездесу» атты концертке қатысады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің Қытайдағы меншікті тілшісі. 
Концерт «Beijing Concert Hall» сахнасында өтеді (басталуы Бейжіңнің жергілікті уақыты бойынша сағат 19:30-ға жоспарланып отыр). Концертке сонымен қатар қазақстандық опера әншісі Майра Мұхамедқызы, баритон Азат Мәлік, «Шат» фольклорлық ансамблі, Қазақстанның скрипкашылар ансамблі, қытайлық дирижер Тао Фан, Қытайдың ұлттық телевизия және радиосының симфониялық оркестрі мен өзге де әртістер қатысады.
Айта кетейік, 16 сәуір күні Димаш Құдайберген қытайлық әнші Шан Вэньцземен бірге Майкл Джексонның Earth song және Dangerous атты әндерін орындап, «Singer 2017» байқауында екінші орынды жеңіп алды. Димаш Құдайбергеннің ерекше сәтті өнер көрсетуі қазақтандықтар мен қытайлықтарды тамсандырып отыр. Қытай БАҚ-тарында тіпті «Димаш феномені» деген ұғым пайда болды. Ол Қазақстан мен Қытай арасындағы үлкен мәдени байланыстардың ашылуымен байланысты болып отыр.
http://massaget.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз