
Димаш шарада өзінің «Ұмытылмас күн» әнін тайвандық жас пианист Аояаң Нананың сүйемелдеуінде шырқады. Бұған дейін Димаш Шанхай қаласында 24-кезекті «China Top music Awards» шарасында «Азияның ең танымал әншісі» (Best Asia popular singer) номинациясы бойынша марапатталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Айта кетейік, «17th Top China Music Awards» шарасына Димаштың продюсерлік компаниясының негізін қалаушы, «Singer» байқауының ақтық бәсекесінде бірге ән шырқайтын Шаң Венжеде қатысты.