
Димаштың Шанхайда өткізген концертінде өзіне де, өнеріне де табынған қытай қыздары бірқатар тосынсый әзірлеген екен. Ең алдымен, Димашқа фанаттары ақ автокөлік ретінде әзірленген алып тортты сыйға тартты.
Жас әншінің ізгілік пен адамгершілік сынды жақсы қасиеттері енді құжат жүзінде расталды десе болады. Себебі, фанаттарының Димашқа берген екінші тосынсыйы «мейірбандық куәлігі» болды. Оны олар тура концерт үстінде тарту етті, деп хабарлайды 31-арна.
PR-директоры әрі жақын досы Алпамыс Шаримовтың айтуынша, Димаштың өнерін сыйлаушылар жағдайы нашар отбасыдан шыққан балалар үшін де бірқатар сауапты іс жасаған.
Сүйікті әншілерінің туған күні құрметіне оларға тегін ас беріп, киім-кешектер таратқан. Тіпті, жергілікті мектептерде Димаш атындағы кітапханалар да ашып қойыпты, деп жазады Nur.kz.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!