Димаштың қарсыластары анықталды

61

0

Димаштың қарсыластары анықталды23 наурыз күні Қытайда қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қатысып жатқан «Singer – 2017» ән додасының жобадан шығып қалған әншілеріне арналған «жұбату» бәсекесі аяқталды.  Нәтижесінде, финалға жолдаманы жеті әнші алды, – деп жазады Қазақпарат.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 10 кезеңнен тұратын байқаудың іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті. Жобаның бастапқы үш әншісі, соның ішінде Д.Құдайберген ақтық сынға тікелей жолдама алды. Ал кеше ғана болып өткен «жұбату» бәсекесіне байқаудан шығып қалған 10 әнші қатысып, оның тек 7-еуі финалға шықты. Осылайша, байқаудың шешуші бәсекесінде 10 әнші өнер көрсететін болады.
«Singer 2017» ән додасының финалистері:    
1.Димаш Құдайберген    
2.Лин Илиан (Sandy)    
3.Lion тобы    
4.Линь Чжисюань  
  5.Ли Цзянь  
  6.Пэн Джияхуэй    
7.Чжан Цзе    
8.Ду Лиша (Teresa Carpio)    
9.Чжан Бичэн    
10.Юуань Явей (Tia Ray)
Айта кетерлігі, Димаш іріктеу кезеңдерінде төрт рет бірінші орын алып, жалпы есепте көш бастап тұр. Еске сала кетейік, жас әншіміз байқаудың оныншы кезеңінде өз әні «Ұмтылмас күнді» орындап, финалға жолдама алды. Бұл кезең эфирден 25 наурыз көрсетілетін болады. Ал екі кезеңнен тұратын финал 8 және 15 мамыр күндері тікелей эфирден көрсетіледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз