Димаштың әлемдік турне концертінің билеттері сатылымда

51

0

Димаш Құдайберген өзінің инстаграмдағы парақшасында әлемдік турнесінің басталғанын мәлімдеген болатын. Ол қазақтың бас ақыны Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңімен сабақтаған жазбасында тыңдармандарына алғысын да білдірді. Осы орайда Димаштың шетелдегі алғашқы жеке концерті қай елде және қашан өтеді? Осы және өзгеде сұрақтардың жауабын анасы Света Айтбаевадан білдік.
«Турне – Димаштың бала кезіндегі арманы. Шетелдегі алғашқы жеке концерті 16 желтоқсанда Қытай елінде I\’m Singer жобасы өткен Чаңша қаласында өтеді. Оны ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында ұйымдастырылған «Бастау» концертінің жалғасы деп айтсақ та болады», – деді ол.
Концертке сатылымға шыққан билеттің көп бөлігі өтіп кеткен.
«Концерт өтетін алаңға 30 мың адам сыяды. Билеттердің сатылымға шыққанына 20 күндей болды. Билеттің көп бөлігі сатылып кетті», – деді Света Айтбаева.
Чаңшадағы концертке баратын қазақстандықтар да көп екен.
«Иә, концертке әкесі екеуміз, достарымыз және Димаштың фан-топтары барады. Виза жағын реттеп, дайындалып жатырмыз», – деді анасы.
Қазіргі таңда Димаштың 120-ға жуық елде фан-топтары бар.
«Әлемде дамыған, әйгілі елдерден бастап 120-ға жуық елде фан-тобы бар. Олардың ішінде Еуропада Ұлыбритания, Германия, Түркия, сондай-ақ басқа Сингапур, Жапония, Индонезия сияқты елдерде фан-топтары белсенді. Олар да концертке келеміз деп хабарласып жатыр», – деп бөлісті Света Айтбаева.
Димаштың анасы турне аясындағы келесі концертінің қай жерде өтетінін де айтып өтті.
«Чаңшадан кейін Шанхай, Пекин қалаларында ұйымдастырылады. Жоспар бойынша өтеді. Лондонда өткізейік деген шақыртулар бар. Мұндай шақыртулар көп. Барлығын әкесі мен продюсерлік компаниясы жоспарлап жатыр», – деді ол.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз