Димаштың суреті Нью-Йорктың төрінен көрінді

70

0

Димаш Құдайбергеннің фотосы Нью-Йорк төрінен көрінді. Бұл туралы продюсер Алпамыс Шаримов желі парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.  Димаштың суреті Нью-Йорктың төрінен көрінді
«Бұл фотошоп емес! Бұл әлемнің ең жарқын қалаларының бірі – Нью Йорк қаласы, Тайм Сквердегі ең үлкен басты лэд дисплей! 101 FM радио медиа орталығы танымал жұлдыздар арасында осы құрметке ие болу үшін бәйге жариялаған болатын», – деп жазған продюсер.
А.Шаримов бұл жетістікке Димаштың жанкүйерлері атсалысқанын алға тартты.
«Қазақ баласының әлемдік жанкүйерлері, Dears-тың ықпалымен дауыс беру арқылы Американың төрінде Димаш Құдайбергеннің суреті миллиондарға жария болды! Түрлі ұлт өкілдері, Тайм Сквердің көпшілігі енді осынау басты экраннан Қазақ әншісін тани алады!», – деп жазған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз