Димаштың қытай тіліндегі әні таң қалдырды

48

0

Димаштың қытай тіліндегі әні таң қалдырды Жас болса да, қазіргі таңда миллиардтаған көрерменді таң қалдырып жүрген Димаш Құдайберген қытай тілінде ән айтты. Тыңдармандар оның дауысын ғана емес, қытай тілінде айту мәнерін де жоғары бағалады. Өйткені, қытай тілінде ән айту түгілі, таза сөйлеудің өзі оңай емес, деп хабарлайды Bnews.kz.
«Singer 2017» халықаралық музыка конкурсының көрермендері төртінші кезеңде өнер көрсеткен Димаштың айтқан әніне тәнті болды. Ол әнді ешқандай акцентсіз, «таза» қытай тілінде орындады.
Қазақстандық қатысушы гонконг әншісі Джеки Чунның «Күзгі қайғы» әнін шырқады.
Қытайдың ақпарат құралдары да Димаштың орындауын жоғары бағалады.
Қытайлық Синьхуа порталының хабарлауынша, жас талант әнді қытай тілінде сөйлеудің 8-деңгейіне сәйкес орындаған.
Ал, Димаш тыңдармандар сөздерін түсінбей қалар деген қорқыныш сезімі болғанын жасырмады.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген «I\’m a Singer» халықаралық байқауында жалпы есепте бірінші орында тұр. Өткен апта жарыстың үшінші кезеңінде 3-орын алған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз