Диплом саудалайтындардан сақ болыңыз!

80

0

Диплом саудалайтындардан сақ болыңыз!Инстаграм желісінде небәрі 150 мың теңгеге дайын диплом жасап берушілер пайда болды. Олардың жарнамасынан тіпті көзің сүрінеді. Бұл туралы Newtimes.kz сайтына сілтеме жасай отырып, Jasqazaq.kz хабарлайды.  
Кез-келген оқу орынды, қалаған мамандығыңды, алар бағаңызды бағамдасаңыз болғаны. Желі қолданушының жеделдігі соншалық барлық сұрағыңызға нақты және сендіре отырып жауап береді. Тіпті көптеген оқу ордасымен байланыстары барын да жасырмады. Шынайы дипломнан айырмашылығы болмайтынын ашық айтты.  Көк диплом 150 мың, қызыл диплом 200 мың теңгені құрайды. Дипломды толық төлем жасаған соң аласыз делінген.
Құрық құрғандардың қызметі құқық қорғау орындарымен тексерілуі тиіс. Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүремін деп жеңілмесеңіз болғаны. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз