Дипломмен ауылға оралған жастарға көмектер көрсетілді

47

0

Дипломмен ауылға оралған жастарға көмектер көрсетілдіҚармақшы. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша өткен жылы жұмысқа орналасқан жастарға мемлекет тарапынан тиісті көмектер жасалуда.
«Білім беру саласынан 28, денсаулық сақтау саласынан 12, ветеринария саласынан 3 маманның өтініші қанағаттандырылып, барлығы 43 маманға 5210,0 мың теңге көтерме жәрдемақы төленді. Сонымен қатар білім беру саласының 22 маманына 55796,0 мың теңге, денсаулық сақтау саласының 18 маманына 45596,8 мың теңге, мәдениет саласының 1 маманына 2458,3 мың теңге, ветеринария саласының 3 маманына 7790,0 мың теңге барлығы 44 маманға 111641 мың теңге тұрғын үй несиесі берілген. Аталған бағдарлама бойынша 2014 жылы жас мамандарға 65 көтерме жәрдемақыға – 7,9 млн. теңге, 75 тұрғын үй несиесін алуға – 194,7 млн. теңге бөлініп отыр» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз