Discovery арналар топтамасы алғаш рет қазақ тілінде көрсетіледі

51

0

Discovery арналар топтамасы алғаш рет қазақ тілінде көрсетіледі Бірінші наурыздан бастап елімізде Discovery Showcase HD телеарнасы хабар таратуын бастайды, деп хабарлайды «Қазтелерадио» АҚ-ның баспасөз қызметі.
Үстіміздегі жылдың 1 наурызынан бастап ақылы ТВ хабар таратуы бойынша әлемдегі №1 Discovery Communications компаниясының  бөлімшесі Discovery Networks CEEMEA, серіктесі – хабар тарату саласындағы Қазақстан Республикасының ұлттық операторы «Қазтелерадио» акционерлік қоғамымен бірлесе отырып  Қазақстанда жаңа – Discovery Showcase HD арнасын іске қосады. Ол Discovery брендтері портфолиосынан ең жарқын және ең танымал шоуларын біріктіреді – Discovery Channel, Animal Planet, TLC, Discovery Science және ID Xtra, бұл ретте танымдық-ойын-сауықтық контент  HD сапада қолжетімді болмақ.  
Сонымен қатар, көрермендерге эксклюзивті материалдар көрсетілетін болады, әрине тек Discovery Showcase HD арнасы арқылы.  Discovery Showcase HD шетелдік арналардың алғашқысы болып Қазақстан Республикасы аудиториясына сүйікті шоу бағдарламаларын HD сапада мемлекеттік тілде көруді ұсынады. Бірінші кезеңде көрерменге телебағдарламалар қазақ тілінде прайм-тайм уақытында ұсынылады (18:00-ден түн ортасына дейін). Жыл бойы қазақ тіліндегі бағдарламаларының үлесі ұлғаятын болады және 2018 жылғы қаңтардан бастап барлық мазмұны толығымен қазақшаланады. Сонымен бірге, көрермен өзінің қабылдағышының параметрлерінен арнаны орыс тілінде көруді таңдай алады. Бірінші болып қазақ тіліне «Морган Фрименмен жаһан құпияларын тану» , «Таңғаларық мұхит», «Аляска: ормандағы отбасы», «Кит аулауға қарсы соғыс» сынды бағдарламалары және Discovery Networks-тың басқа да маңызды жобалары аударылады. Арна  ОTAU TV жерсеріктік хабар тарату желісінде қол жетімді, ал кейінірек басқа да операторлар желісінде хабар таратады. Discovery Showcase HD дистрибюторы ретінде Қазтелерадио әрекет етеді. «Қазақстан – Discovery Networks үшін адал және өте маңызды аудиториясы мен үлкен әлеуеті бар аймақ. Біз көрермендерге ең жарқын, танымал және қызықты бағдарламаларды біріктіретін жоғары айқындық форматындағы Discovery-дің жаңа телеарнасын ұсынғанымызға өте қуаныштымыз. Шабыттандыратын және тарихи эмоциялық TLC, қызықты жаңалықтар Discovery Channel, қызықты және құпия сюжеттер ID Xtra, керемет ғылыми зерттеулер Discovery Science, жануарлардың күлкілі және таңғажайып сәттері Animal Planet – Discovery Showcase HD арнасынан әркім өз талғамына сай бағдарламаны және ең бастысы ана тілінде таба алады», – дейді Discovery Networks компаниясының Солтүстік-Шығыс Еуропадағы вице-президенті, басқарушы директоры Анна Пак.
«Біз абоненттерімізге қазақстандық нарық үшін бірегей жобаны ұсынғанымызға қуаныштымыз. Енді OTAU TV абоненттері бүкіл әлем телекөрермендерінің жүректерін жаулаған анағұрлым рейтингі жоғары бағдарламаларды қазақ тілінде көре алады. Бұл жобаның айтарлықтай ерекшелігі ұлттық жерсеріктік OTAU TV телевизиясы желісі  жаңа телеарнаны көрермендерге бірінші болып ұсынып, біздің миллионнан астам абоненттер эксклюзивті контентке абоненттік төлемнің артуынсыз қол жеткізе алады. Естеріңізге сала кетейік, OTAU TV жерсеріктік телевизиясы желісінде шамамен 120 теле,- радио арналар ұсынылған, ай сайынғы жазылу құны 2500 теңгені құрайды», – деп атап өтті «Қазтелерадио»АҚ коммерциялық директоры Евгений Галкин.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз