«Дисней» мультфильмдері қазақша сөйлейді

123

0

«Дисней» мультфильмдері қазақша сөйлейді«Дисней» компаниясының үздік анимациялық фильмдері қазақ тілінде сөйлейді. Бұл туралы «Қазақстан» РТРК» АҚ басшысы Ерлан Қарин фейсбуктегі парақшасында хабарлады.
Ерлан Қарин «Қазақстан» арнасының жаңа маусымда дайындап отырған тағы бір жаңалығымен бөлісті.
«Қазақстан» ұлттық телеарнасында жаңа жыл мейрамына орай, наурыздың жиырмасынан бастап, балалардың демалысы кезінде телеарнаның кішкентай көрермендеріне арналған «Дисней» компаниясының үздік анимациялық фильмдері қазақ тілінде сөйлейді. Айта кету керек, барлық мультфильм «Қазақстан» телеарнасының көмегімен соңғы технологияларды қолдана отырып дыбысталған. Алғаш рет халықтың сүйіктісіне айналған мультфильм кейіпкерлері түрлі дауыста қазақша сөйлемек», – деп жазды Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында.
Анимациялық фильмдерді дыбыстауға 10-ға жуық дубляж актері тартылыпты. Музыкалық безендіру оркестрмен сүйемелденген, ал, әндерді дубляж актерлері орындаған.
«Ертең, Қазмедиа холл киноконцерттік залында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнайы көрсетілім ұйымдастырылады. Бұл ана тіліміздің насихатталуына зор үлесін қосып, үлкен мән береді», – дейді «Қазақстан» РТРК басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз