Дүкен ұрлығын кәсіп еткендер құрықталды

43

0

Дүкен ұрлығын кәсіп еткендер құрықталдыҮстіміздегі жылдың 5 наурызы күні Қызылорда қаласында орналасқан «Ломбард» ЖШС-нан «102» қызметіне аталған мекеменің қызметкері хабарласты. Наурыз айының 4-нен 5-не қараған түні осы мекеменің терезе торын майыстыру арқылы кіріп, кепілде жатқан 6 дана құндыз тонның, 2 дана ұялы телефонның және 1 дана теледидардың ұрланғандығы анықталды.
Бірнеше күннен кейін тағы бір жәбірленушіден облыс орталығында орналасқан теле-радио шеберханасына белгісіз біреулердің автокөлікке арналған жалпы құны 2млн. 131 мың 500 теңге тұратын әр-түрлі радио мен магнитолаларды ұрлағаны жөнінде арыз түсті.
Осы қылмыстарға байланысты Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті Криминалды полиция басқармасы мен қалалық Ішкі істер басқармасы криминалды полиция бөлімінің қызметкерлерінен жедел түрде жұмыс тобы құрылып, ҚІІБ-ның КПБ бастығы полиция майоры Азиз Шагиров пен аға жедел уәкілі полиция капитаны Бағдат Нұрымбетовтың кәсіби шеберлігі мен қырағылығының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 21-мен 25 жас шамасындағы 4 қала тұрғындары құрықталып, ҚІІБ уақытша ұстау абақтысына қамалды. Алдын-ала тергеу барысында күдіктілердің басқа да әр түрлі 14 дүкен ұрлығына тікелей қатыстары бар екендіктері анықталды. 16 дүкенде орын алған ұрлықтардың жалпы шығын сомасы 5 млн. теңгеден астам, олардың 70 пайызы өз иелеріне қайтарылды. «Қазіргі таңда Қызылорда ҚІІБ Тергеу бөлімімен сезікті азаматтардың үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабының 3-бөлігімен  қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде» деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз