«Әділет кеңес береді»

36

0

«Әділет кеңес береді»«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының ғимаратында «Әділет кеңес береді» азаматтарды бірыңғай қабылдау күні республикалық акциясы ұйымдастырылды, – деп жазады партия сайты. 
Қабылдау  барысында  нотариаттық палата, бағалаушылар палатасы, жылжымайтын мүлік бөлімі, адвокаттар алқасының өкілдері мен сот орындаушылар салалары бойынша тұрғындарға  құқықтық кеңес берілді. Шараның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, партия мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайту, сенімділікті қалыптастыру және қоғам мен билік арасында байланыс алаңын кеңейту.
Акция аясында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы қоғамдық қабылдау  бөлімінің  меңгерушісі Мақсұт Баекеев жалпы қоғамдық қабылдауға келіп түсетін арыз шағымдардың басым бөлігі әлеуметтік, құқықтық  мәселелерге қатысты екендігіне тоқтала келіп, барық өтініштердің заң аясында жүзеге асырылатындығын жеткізді.  Сондай-ақ, ол өз сөзінде тұрғындар үшін партия қоғамдық қабылдауларының есігі әрдайым ашық екендігін мәлімдеді.
– Келушілердің  мәселелері  әртүрлі болды, дегенмен басты мақсат – соларды заң аясында шешу, – деді ол.
Қабылдау күні барысында тұрғындар көшеде жүру ережелерін сақтау туралы, сауда орындарында чек талап ету жөнінде, қоғамдық орындардағы тәртіп туралы, мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа орналасуға, сонымен бірге мүлікті заңдастыру, азаматтық актілерді тіркеу бағыттарындағы сауалдарын жолдап  мамандардан заң аясында кеңестер алды.        
Жалпы айта кету керек  тоқсанына  бір рет өтіп тұратын Бірыңғай қабылдау күні республикалық акциясы облыстың барлық аудандары мен қалаларында ұйымдастырылып,  оған 100-ден астам  адам қатысты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз