Дмитрий Огай – 10-шы турдың үздік бапкері

41

0

Дмитрий Огай –  10-шы турдың үздік бапкері«Қайсар» футбол клубының бас бапкері Дмитрий Огай 10-турдың үздік бас бапкері атанды. Турдың символикалық құрамын жасақтаған отандық «Спортс.кз» сайты қызылордалықтрдың бас жаттықтырушысын аптаның теңдессіз бапкері деп таныпты. Сондай-ақ үздіктер құрамында Сыр командасының тағы екі футболшысы бар.
«Қасқырлардың» бас бапкері сәтсізөтіп жатқан ойынды жақсы жағына қарай өзгертіп жібере алатынын кезекті рет дәлелдеді. Осы жолы Дмитрий Алексеевичтің джокері алдымен есепті теңестірді, артынша жеңіс голын соқты. Басқасын айтпағанда бас бапкерді керек кезінде қажетті ойыншыларды алмастыра білгені үшін атап өтуге тиіспіз», – деп баға берді «Спортс.кз».
Сонымен қатар, Vesti.kz сайты өздерінің символикалық құрамына қорғаушымыз Алдан Балтаевты енгізіпті. «Алдан биылғы чемпионаттағы небәрі бесінші ойынын өткізді. Дегенмен, ойынды құртқан жоқ. Дәстүр бойынша өте сауатты ойнап, қарсыласын өз қапталынан өткізген жоқ. Нәтижесінде, «Атыраудың» Балтаев ойнаған қапталы ақсап қалды. Бұдан бөлек, «Қайсар» қорғанысының сауатты болғаны соншалық, «Атырау» бұл ойында есепті теңестіре алмады», – деп баға беріпті қорғаушының әрекетіне «Вести.кз» тілшілері.
Ал «Қайсар» – «Атырау» кездесуінде дубльдің авторы атанып, қызылордалықтарға жеңіс сыйлаған Римо Хунтты аталмыш екі сайт та өздерінің үздіктер құрамына қосыпты. «Римо өзінің екінші рет әке атануын дубльмен атап өтті. Өте маңызды голдар соқты деп айтар едік. Алдымен есепті теңестірсе, артынша жеңіс голын соғып, соның арқасында «Қайсар» турнир кестесінде 4-орынға көтерілді.
Жеңісті күндеріміз көп болсын!
«Қайсар» ФК баспасөз қызметі. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз