ДІН ДӘСТҮРМЕН САБАҚТАСУЫ КЕРЕК

63

0

Облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «жастар және жоғарғы руханият» тақырыбында кездесу өтті. Басқосуға түрлі сала басшылары мен қоғамның аға буын өкілдері қатысты.
Жиында елдегі діни ахуал жайы сөз болды. Сондай-ақ дәстүрлі емес дін ұстанушылардың қоғамға қауіптілігі мен оларды бейінді ортаға баулу жағдайы да айтылды. Жиында сөз алған имамдар діни ақпараттар мен уағыздарды көшеден емес, мешіттен ғана алуға кеңес берді. Қысқаша айтқанда, «дін ұстай алсаң қасіретің, ұстай алмасаң қасіретің» деген тәмсілге тереңнен үңілуі керек.
 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз