Дін тақырыбында семинар өтті

39

0

Дін тақырыбында семинар өттіДіни ақпараттық насихаттық топ мүшелерінің біліктілігін арттыру мақсатында облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен қала әкімдігінің мәжіліс залында «Деструктивті жалған діни ағымдар мен ұйымдар қызметінің қауіптілігі, болмысы және көріну формасы» тақырыбында оқыту семинары болып өтті.
Онда діни қалалық ақпараттық-насихаттық топ өкілдер мен қалалық мектептердің дінтану пәні мұғалімдері мен психологтары қатысты. Аталмыш семинарды қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б. Мәмен жүргізіп отырды.
Семинар барысында облыстық дін істері басқармасы басшының уақытша міндетін атқарушы С. Смағұловтың «Деструктивті жалған ағымдар мен ұйымдар қызметінің қауіптілігі» тақырыбында хабарлама жасады.
Айта кету керек, аталмыш шараға ҚМДБ жанындағы республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, дінтанушы, Арман Қуанышбаев арнайы шақырылып, «Дәстүрлі емес діни ағымдар ықпалының алдын-алу жолдары» тақырыбында баяндама жасады. Арнайы шақырылған ғалым дәстүрлі емес діндердің қоғамға қалай енетінен, олардың негізгі мақсатын атап өтті.
Мұнан соң Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Т. Әбуов «Деструктивті жалған діни ағымдар мен ұйымдардың пайда болуының негізгі шарттары мен факторлары» тақырыбында хабарлама жасады. Онда, дәстүрлі емес діни ағымдар, олардың пайда болу шарттары жайы кеңінен ақпарттандырды. 
«Деструктивті діндер мен ұйымдардың сипаттамалық ерекшеліктері» тақырыбында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ оқытушысы, дінтанушы Б. Оспановтың хабарламасы тыңдалды. Сонымен қатар, жиналған АНТ мүшелері мен мектеп ұстаздарының сұрақ, ұсыныстары тыңдалып, мамандар тарапынан тиісті жауаптар айтылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз