Дүр Оңғар ауылында патриоттық әндер шырқалды

227

0

Дүр Оңғар ауылында патриоттық әндер шырқалдыЖуырда Дүр Оңғар
ауылында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Тәуелсіз елдің жастары» атты
аймақтық патриоттық әндерден байқауы өтті. Шараны Қызылорда облысы әкімі аппаратының қоғамдық келісім орталығы
Қармақшы ауданы бойынша сарапшысының қолдауымен, облыстық Жастарды қолдау
орталығы, аудандық бөлімі және Жаңажол ауылдық округі жастары ұйымдастырды.

Байқаудың
мақсаты – Тұңғыш Президенті күнін жастар арасында кеңінен насихаттау, өскелең
ұрпақты адамгершілікке, отансүйгіштікке, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Сайысқа
аудандағы Ақтөбе, ІІІ-Интернационал, Иіркөл, Төребай би және Дүр Оңғар
ауылдарының өнерлі жастары қатысты. Олар байқау шарты бойынша туған жер және
достық тақырыптарында әндер шырқады. Нәтижесінде, қазылар алқасының шешімімен бас
жүлде Дүр Оңғар ауылының талантты жасы Сағдат Ералиевке бұйырды. Бірінші орынға
Иіркөл ауылынан Нұрсұлтан Қалиев иеленсе, екінші орынды ІІІ-Интернационал
ауылының өнерпазы Аружан Мырзабекова мен ақтөбелік Дәулет Әбдиев өзара бөлісті.
Ал Дүр Оңғар ауылының жастары Әсел Әбілтаева, Әнел Елдос және Төребай би
ауылынан Дидар Сәтова үшінші орынды қанағат тұтты.
Сонымен қатар,
байқау соңы Елбасының халыққа жолдауын кең көлемде насихаттау мақсатында
облысымыздың шығармашыл жастарынан құралған «Нұрлы көш» керуенінің концертіне
ұласты. Жастар әзіл айтып, ән шырқап, би билеп, күй күмбірлетіп, ауыл жұртына жақсы
көңіл-күй сыйлады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз