«Дүр Оңғар» жаттығу залы ашылды

110

0

«Дүр Оңғар» жаттығу залы ашылды Қармақшы. «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша Жосалы кентінде жаттығу залы ашылды. Онда жиырмадан астам түрлі спорттық құрылғылар бар.
   Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаттығу залында адам денсаулығын нығайтуға барлық жағдай жасалған, заманауи талаптарға сай. Онда келушілерге бір фитнес-тренер қызмет көрсетеді. Әйгілі Оңғар жыраудың шөбересі Асылхан Оңғаровтың жолдасы өзінің кәсібін шағын шаштараз салонынан бастаған Ғалия Төремаханова бүгінгі күнде аталған бағдарлама аясында кәсібін кеңейтіп, жасаған жаттығу залын «Дүр Оңғар» деп атады. Сонымен бірге осы ғимаратта бір мезгілде келушілерге 4 маман шаштараз-маникюр қызмет көрсететін «Ғалия» сән салоны өз қызметін жалғастыруда.
 

«Дүр Оңғар» жаттығу залы ашылды

 

«Дүр Оңғар» жаттығу залы ашылды

 

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз