Дәстүрлі турнир мәресіне жетті

48

0

Дәстүрлі турнир мәресіне жеттіҚызылорда қаласында жауынгер-интернационалист Батыржан Шалғынбаевты еске алуға арналған шағын футболдан облыстық ашық турнир өз мәресіне жетті. 
Б.Шалғынбаев 1965 жылы 9 мамырда Қызылорда қаласында  дүниеге келген. 1972-82 жылдары аралығында №217 орта мектепте білім алды. Қағылез, төзімді жігіт Талдықорған маңындағы Панфилов қаласында әскери міндетін атқарып, Ауғанстанға аттанады. Ол өз Отанына деген адалдығын сақтап, өлімге тік тұрды. Оның ерлігі, қаһармандығы мен қайсарлығын бүгінгі ұрпақтары терең құрмет тұтып келеді. 
Турнирге Оңтүстік Қазақстан облысы,  Жамбыл, Байқоңыр, Қызылорда қалаларынан және аудандардан 23 команда, 230 спортшы қатысты. 
Жарыс қорытындысы бойынша «Азамат» командасы бірінші орынды иеленді. Екінші орынды «Орион» командасы алса, үшінші орынды «Сулмарт» командасы жеңіп алды. Ал төртінші орынға «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» командасы қол жеткізді. Жарыста «Үздік ойыншы» номинациясымен Асқар Ілиясов, Данияр Сахи, Мұзафар Шаритов, Нұрлан Дайрабаев марапатталды. Турнирде  Шалғынбаевтардың отбасының атынан 1-ші орынға 300 мың теңге, 2 –ші орынға 150 мың теңге, 3-ші орынға 100 мың теңге, 4-ші орынға 50 мың теңге табысталса, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз