Дубайға жолдама

67

0

Дубайға жолдамаЖақында «Қазақстан» ұлттық арнасының «Таңшолпан» бағдарламасында «Қазалы» газетінің қоғамдық негіздегі тілшісі, ардагер ұстаз Қадырбек Бекетов жеңімпаз болып танылып, туристік саяхатқа жолдама ұтып алды, – деп хабарлады газет тілшісі. 
Алғаш 19 сәуір күні сұрақтар қойылып, ешкім жеңімпаз болып танылмай, жүлдеге тігілген жолдама екінші күнге қалдырылған болатын. 20 сәуір күні бағдарлама жүргізушілері жиырмадан астам әр түсті шарды көрсетіп, олардың бірінде Дубай қаласына жолдама барын айтқаны көпшілік көрерменнің есінде. Дәл сол кезде телефон шалып, желіге түскен Қадырбек Бекетов жасырынған жүлдені тауып, тігілген ұтысты ұтып алды.
«Таңшолпан» бағдарламасына ұдайы хабарласып, сұрақтарына жауап беріп, ойларыммен бөлісіп отырамын. Бағдарламаның маған үлкен мүмкіндік бергенінен аз уақытта көпшілік хабардар болып үлгіріпті. Күндіз-түні телефон тұтқасы құттықтаушылардан босамай тұр.
Мен әр уақытта аспан түстес көк түсті ұнатушы едім. Сүйікті түсім сәттілікке бастап, Біріккен Араб әмірлігіне сая­хаттап бару мүмкіндігіне ие болғаныма қуанышым шексіз. Қазір жолға әзірлік қамындамын», – дейді Қ.Бекетов бізбен тілдескенінде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз