Дәулет Ниязбеков ел чемпионы атанды

42

0

 Дәулет Ниязбеков ел чемпионы атандыҮстіміздегі жылдың 12-15 маусым аралығында Павлодарда еркін күрестен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды. Еліміздің барлық аймағынан жиналған спортшылар 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп,  жеңімпаздарды анықтады.
Жарыстың мақсаты – ҚР құрама командасын жасақтау, қыркүйекте Оңтүстік Кореяда болатын Азия ойындарына және Ташкентте өтетін Әлем чемпионатына спортшыларды іріктеу. Үш күнге созылған белдесулер қорытындысы бойынша Сыр өңірінің спортшылары жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді.
Атап айтсақ, 61 келіде бақ сынаған Дәулет Ниязбеков финалда ақтөбелік Артас  Сананы 8:5 есебімен  жеңіп, ел чемпионы атанды. 74 келіде Ғалымжан Өсербаев жеңіс тұғырынан көрініп, ҚР спорт шебері нормативін орындады. Ал 57 келіде Марғұлан Жүсіпов қола жүлдеге қол жеткізді. Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі мен олимпиадалық резерв даярлау орталығында тәлім алатын спортшыларды жарысқа ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әбутәліп Аманов дайындады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз