Дәулет Тұрлыхановтың қазалылықтарға жасаған сыйы

66

0

Дәулет Тұрлыхановтың қазалылықтарға жасаған сыйыҚазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі №249 мектеп-лицейде КСРО-ның жеті дүркін чемпионы, Еуропа чемпионы, әлем чемпионы және басқа да атақтарды иеленген даңқты спортшы, мемлекет қайраткері Дәулет Тұрлыханов пен Қазақстан Республикасы гандбол федерациясының президенті, Азия федерациясының кеңес мүшесі Гүлнар Тұрлыхановаға арналған «Арға суарған ақинақ» атты кездесу кеші өтті. Бұл туралы аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Спортшылар қазалылық жас жеткіншектерге өздерінің спорт әлеміндегі және өмірлерінде қызықты оқиғаларымен сыр шертісіп, пікір алысты.

Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Георгиевка ауылында дүниеге келген даңқты балуан жастайынан үйдің шаруасына араласып өскендіктен еңбекқор болып өсті.

Мұнан соң бозкілемдегі алғашқы белдесулер мен КСРО, Еуропа, әлем чемпионаттары мен Сеул, Барселона, Атланта олимпидаларында қол жеткізген жетістіктерімен бөлісті. Сондай-ақ, Дәулет Тұрлыханов сүйген жары, жерлесіміз, ҚР гандбол федерациясының президенті, Азия гандбол федерациясының кеңес мүшесі Гүлнар Тұрлыхановамен танысып, жанұя құрғандағы, дүниеге ұл-қыздары келгенде қызықты сәттерімен бөлісті.

№249 мектеп-лицейдің бір топ Дәулет есімді оқушылары сахна төріне шығып, өскен соң даңқты спортшының атына кір келтірмей, үлкен азамат болып өсетініне сендірді. Сонымен қатар, спорттық сайыстарда ауданымыздың намысын абыроймен қорғап жүрген білім ордасының шәкірттері жеткен жетістіктерімен бөлісіп, Дәулет ағасынан бата сұрады. Айдын Сәндібай жерлес ақын Рүстем Жанайдың «Дәулет батыр» дастанынан үзінді оқып берді.

Дәулет Болатұлы тәрбиелік мәні зор шараны ұйымдастырушыларға ризашылығын жеткізіп, аудан әкімі Бахыт Жахановқа естелік сыйлықтарын тарту етті. Сондай-ақ, аудан спортшыларының биік белестерді бағындыруына шынайы тілектестігін білдіріп, аудандық білім бөліміне 100 мың АҚШ долларын сыйға тартты.

Басқосу барысында ҚР эстрада жұлдыздары Толқын Забирова мен Медеу Арынбаев және оның өнердегі шәкірті Жанғали Әбішев әннен шашу шашып, көпшіліктің көңілін бір көтеріп тастады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз