Джеки Чан Астанаға келді

63

0

Джеки Чан Астанаға келдіАты аңызға айналған актер Джеки Чан Қазақстанға ұшып келді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана әкімі Әсет Исекешев әйгілі актерді әуежайдан өзі күтіп алды. 2017 жылдың 7-18 маусым аралығында Астанада Қазақстан-Қытай кинофестивалі өтеді. 63 жастағы Джеки Чан Қазақстанға осы шараға қатысу үшін келіп отыр. «Бұл шара барысында алты толықметраж фильм, соның ішінде қытай жұлдызының «Кунг-фу Йога» (Тәңір сауыты: қазынаны іздеу» – автор ескертпесі) фильмі де көрсетіледі.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, Чан фильм көрсетілімдеріне де қатысады», – делінген басылым ақпаратында. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз