Дзюдодан Қазақстан чемпионаты Қызылордада өтеді

44

0

Дзюдодан Қазақстан чемпионаты Қызылордада өтедіҮстіміздегі жылдың  29-30 маусым күндері Қызылорда қаласында дзюдодан 23 жасқа дейін ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталады. 
Бұл жарыста балуандар 14 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Оған еліміздің барлық аймағынан  300-ге жуық  татами шеберлері қатысады деп күтілуде. Жарыс ерлер арасында 7 салмақта (60, 66, 73, 81, 90, 100, +100 келі), әйелдер арасында 7 салмақта (48, 52, 57, 63, 70, 78, +78 келі) өткізіледі. Дүбірлі бәсекеде 1,2 орынды иеленген спортшыларға ҚР спорт шебері атағы беріледі. Аталмыш жарыс 29 маусым күні сағат 10.00-де «Евразия» спорт кешенінде басталады, салтанатты ашылуы сағат 12.00-де болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз