Ең бай хип-хоп орындаушылары

41

0

Ең бай хип-хоп орындаушылары Forbes журналы әдеттегідей Forbes Five тізімін жасады. Журнал ұжымы хип-хоп орындаушыларының қаржылық қорын зерттеп, олардың қатарындағы ең ауқаттыларын анықтады. Сонымен, бірінші сатыға Шон Джон Комбс тұрақтады. «Мұндай да музыкант бар ма?” – деп таңғалуыңыз әбден мүмкін. Бұл күллі әлемге есімі жақсы таныс Пафф Дэддидің өзі.
Шон Джон Комбс – хип-хоппердің шын есімі.  Оның қаржылық қоры $ 820 млн АҚШ долларын құрайды. Екінші орынды Шон Кори Картер (Jay Z) иемденді. Бейонсенің жолдасының қаржылай ахуалы $ 810 млн АҚШ  долларын қамтиды екен. Ал үшінші сатыға $ 740 млн АҚШ долларымен Андре Ромеллу Янгу (Dr. Dre) тұрақтады. Сондай-ақ, Брайан Уильямс (Birdman) пен Обри Дрейк Грэм (Drake) де алғашқы бестіктен бой көрсетті. Олардың қаржылай қоры сәйкесінше $ 110 млн және $ 90 млн АҚШ долларын құрайтын болып шықты. Forbes Five рейтингін жасау үшін де әлем миллиардерлері тізімін жасау барысында қолданылатын әдістер пайдаланылады. Журнал ұжымының айтуынша,  Forbes Five рейтингінде бірнеше жыл бойы өзгеріс болмаған. Тізімде үнемі Birdman, Комбс, Dr. Dre, Jay-Z мен 50 Cent есімдері аталатын. Бірақ 2015 жылы жаз мезгілінде 50 Cent өзінің банкрот болғанын хабарлауына байланысты рейтингке автоматты түрде енгізілмеген. Бұл оқиға Дрейктің аталған тізімге алғаш рет ілігуіне мүмкіндік берді. Осы орайда музыкант Forbes тізіміне ену өнер саласында алған марапаттарындай маңызды жетістік екенін атап өтті.
https://massaget.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз