ЕҢБЕК АРДАГЕРІ А.ДӘУЛЕТҰЛЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

35

0

ЕҢБЕК АРДАГЕРІ А.ДӘУЛЕТҰЛЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІБүгін оқу-ағарту, партия және атқару органдарында
қажырлы еңбек етіп елге танылған, Қызылорда облысының құрметті азаматы
Абдолла Дәулетұлының 85 жасқа толуына байланысты аймақ басшысы
Қ.Көшербаев құттықтап, құрмет көрсетті.
    Абдолла Дәулетұлы еңбек жолын 1952 жылы
ұстаздықтан бастап, Одақтық дәрежедегі зейнеткерлікке шыққанға дейін
түрлі лауазымдық қызметтер атқарды. 1995 жылға дейін облыстық Кеңесте,
атқару комитетінде жауапты лауазымдарда болды. Партия ұйымының
іс-тәжірибелері туралы зерттеп жазған еңбектері одақтық, республикалық
баспаларда арнайы жинақтарда жарық көрді. «Өмір өрнектері», «Ыбырай
тағылымдары», «Мәуелі әулет», «Сыр саңлақтары», «Нұрлы жол» және басқа
да көптеген кітаптардың авторы. А.Тәжутовтың «Курманы, половцы, кипчаки,
казахи», М. Аджидің «Кипчаки. История Великой степи и древних тюрков»
атты тарихи кітаптарын аударған.
    Елге жасаған еселі еңбегінің нәтижесімен көптеген медаль, Құрмет
грамоталарымен марапатталып, «Облыстың Құрметті азаматы» атанды.  
    – Ізіңізден ерген ізбасарларыңызға өмірлік тәжрибеңізді үйретуден
жалықпай, өнегелі істеріңізбен өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулып,
патриоттық тәлім-тәрбие беріп келесіз. Бұның өзі – адамгершілік
ілтипатыңыз бен үлкендік ізгілігіңіздің белгісі. Сіздің осындай өнегелі
өмір жолыңыз жастарға үлгі-өнеге. Халық үшін жасаған игілікті ісіңіздің
жемісін молынан көріп, ұзақ жасаңыз, – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
    Шара барысында еңбек ардагеріне Сыр өңірінің
әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Қызылорда облысының
Құрмет грамотасы табыстап, иығына шапан жапты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз