Еңбек ардагерін еске алуға арналған ел чемпионаты

56

0

Еңбек ардагерін еске алуға арналған ел чемпионаты14-16 қазан аралығында Жаңақорған ауданының Машбек ауылында «Құрмет» орденінің иегері, еңбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында XI ел чемпионаты өтті. 
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан 16 команда 8 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды. Жарыстың қорытындысы төмендегідей: 
55 келі салмақта І орын – Абылайхан Кеулімжай (Жамбыл обл.), ІІ орын – Ербол Алдухан  (Алматы обл.),  ІІІ орындар – Дәулет Ниетбай (Алматы қ.) және Архат Қаербеков (ШҚО). 
60 келі салмақта І орын  – Олжасбек Ілесбеков (СҚО),  ІІ орын – Сағындық Әшім  (Астана қ.), ІІІ орындар – Әділбек Айтқали (Ақтөбе обл.), Райымбек Рантаев (Қызылорда обл.).
 66 келі салмақта І орын  – Мейрбек Рахимов (СҚО), ІІ орын – Сұңғат Құмаров (ШҚО), ІІІ орындар – Қасымхан Туленбай (Алматы қ.), Әділет Шалғынбекұлы (Ақтөбе  обл.).
74  келі салмақта І орын   – Ғалымжан Абдрахманов  (Қызылорда обл.),     ІІ орын – Даврон Дадаев (Алматы обл.), ІІІ орындар – Ринат Махмутов (Жамбыл обл.), Данияр Темірханов (Астана қ.).
82 келі салмақта І орын  – Ақжол Рақымжанов (Қостанай обл.),                  ІІ орын –  Еркінбек Бөлен (ОҚО), ІІІ орындар – Руслан Ізғалиев (Атырау обл.), Алтынбек Аусағитов (СҚО). 
90 келі салмақта І орын   – Дархан Жамалхан  (ОҚО), ІІ орын  – Наурызбек  Өтеуов (Атырау обл.),  ІІІ орындар – Ерқанат Рыздық  (Қостанай обл.) және Шыңғысхан Жақып (Жамбыл обл.).
100 келі салмақта І орын   – Нұрым Сәлімгереев  (Қызылорда обл.), ІІ орын  – Мақсат Исағабылов  (Қызылорда обл.) ІІІ орындар – Абай Ерболұлы   (Жамбыл обл.) және Жолдасбек Бектұрсынов (ОҚО.). 
+100 келі салмақта І орын   – Еламан Ерғалиев  (Қызылорда обл.),            ІІ орын  – Айбек Қалибеков  (ШҚО), ІІІ орындар – Нұрахмет Құралбай (Астана қ.) және Нұрғали Жолтаев (Алматы обл.). 
Жарыстың «Үздік палуандары» – Нұрбек Дариялов (Қызылорда обл.), Жанкелді Өтегенов (Ақмола обл.), Ерназар Сіргебаев (ОҚО), Әлібек Қашықбаев (Жамбыл обл.), «Үздік төрешілер» – Қазыбек Науанов (Атырау обл.), Думан Қыздарбеков (ШҚО), Дархан Жоламанов (Павлодар обл.), Нұрлыбек Ермағамбетов (Астана қ.).  
23 жасқа дейінгі жастар арасында қазақ күресінен өткен түйе палуандар сайысында қызылордалық  Мақсат Исағабылов бас жүлдені жеңіп алды. Екінші орынды шығысқазақстандық Айбек Қалибеков алса, қызылордалық Нұрым Сәлімгереев пен оңтүстікқазақстандық Жолдасбек Бектұрсынов үшінші орынды еншіледі. 
Сонымен қатар Еңбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған волейболдан және шағын-футболдан облыстық ашық турнирлер өтті. Волейболға 9 команда, шағын-футболға 14 команда қатысты. 
Волейболдан өткен турнирдің қорытындысы бойынша:
І орын  – Қызылорда қаласы
ІІ орын – Ақтөбе қаласы
ІІІ орын – «Байкен –U» командасы Жаңақорған ауданы 
Турнирдің «Үздік ойыншылары»  – Асылбек Жиенқожа (Байкен-U командасы), Асхат Елеусізов (Ақтөбе қ.), Әсет Медеуов (Қызылорда қ.), Рамазан Жарылқасын  (Жаңақорған ауд.), Ғалымжан Абайұлы (Машбек ауылы). 
Шағын-футболдан жарыс қорытындысы бойынша: 
І орын   – Ақтөбе қаласы
ІІ орын – «Зенит» командасы (Қызылорда қ.) 
ІІІ орын – Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылы
Турнирдің «Үздік ойыншылары» – Қуандық Әуелхан  (Түгіскен ауылы), Өмірбек Қаппаров (Ақүйік ауылы),  Қайрат Иманалин (Ақтөбе қ.), Шыңғыс Таңатқанов (Қызылорда қ.), Өркен Мұзарапов (Машбек ауылы). 
Сондай-ақ, 16 қазан күні еңбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған қазақ күресінен түйе палуандар арасында II халықаралық турнир өтті. Оған Грузия, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстаннан       28 палуан қатысты. 
Нәтижесінде Грузия палуаны Левани Матияшивилии бас жүлдені иеленіп,  оған Lada Granta жеңіл автокөлігінің кілті табысталды. Екінші орынға ие болған қазақстандық Айбек Нұғымаровқа 500 мың және үшінші орынды еншілеген Грузия палуаны Гурами Тушивилиге 300 мың теңгенің сертификаттары берілді. 
Айта кетейік, жарыстарға  500-ге жуық спортшы қатысты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз