Еңбек қауіпсіздігін қорғау өзекті мәселе

63

0

«Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау туралы» Заңға сәйкес еңбек қауіпсіздігі дегеніміз – еңбек қызметі барысында жұмысшы әрекетіне келетін зиян және қауіптерді шектей отырып, жұмысшының қорғалу жағдайы. Осыған байланысты  мамырда қызметкерлердің білімін жетілдіру мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ  Қызылорда облысы бойынша филиалы –  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінде облыстық семинар өткізілді.
Аталған шараға Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Әбдімәлік Айтимов қатысып, жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі мен қорғау аясындағы міндеттер мен талаптарға тоқталып, жұмыс орындарындағы кез келген қауіптердің алдын алуға бағытталған жұмыстармен таныстырып өтті.
Семинар барысында қызметкерлер сұрақтарын қойып, өзекті мәселе деген сауалдарына жауап ала білді. Жиын соңында ұсыныстар айтылып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасау жөнінде шешім қабылданды.
 
Гүлнәз Бадрақова, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ Қызылорда
облысы бойынша филиалы, «Халыққа қызмет көрсету орталығы»
департаменті
 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз