Еңбек Ерлерінің құрметіне жарыс өткізілді

41

0

Еңбек Ерлерінің құрметіне жарыс өткізілдіАрал. Аудан орталығындағы спорттық-сауықтыру кешенінде аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі, «Жас Арал өрендері» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Арал өңірінен шыққан 16 Еңбек Ері атындағы жүлде үшін балалар мен жасөспірімдер арасында таэквондо /WTF/ жекпе-жек түрінен қалааралық дәстүрлі турнир өткізілді. 
Жарысқа барлығы 7 команда қатысты. Олар Шиелі кенті, Қызылорда қаласы, Ж. Баһадүр атындағы Қызылорда спорттық дарынды балаларға арналған спорт интернаты, Жалағаш кенті, Байқоныр қаласы, Қазалы ауданы, Арал аудандарынан 132 спортшы бақтарын сынады. Жалпы командалық есепте І-орынға Қызылорда қаласының №1 ОМБЖОР спорт мектебі (6 алтын), ІІ-орынға №19 Арал ауданының №19 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы (5 алтын), ІІІ-орынға №19 Байқоңыр қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы (4 алтын) тұрақтады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз