Еңбек Еріне жаңадан үй салынады

36

0

Еңбек Еріне жаңадан үй салынадыШиелі. Кезінде еңбектен мол несібе теріп, табыстан тау тұрғызған Шырынкүл Қанабаеваға жаңадан үй салынып беріледі. Бұл жайында аудан әкімдігі баспасөз қызметі хабарлады.
Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Социалистік Еңбек Ері Шырынкүл Қазанбаеваны 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен үйіне арнайы барып құттықтады. Еңбек Ері Мұрат Нәлқожаұлының бұл ықыласына ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді. «Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев 2014 жылғы 26 ақпанда ауданымызға келген іс-сапарында өзіңізбен кездескен болатын. Сол сәтте сіздің жаңадан үй салып беру жөнінде айтқан ұсынысыңыз бойынша бүгінде жұмыстар жасалуда. Алла қаласа келесі айдан бастап құрылыс жұмыстары басталады» – деді батыр ананың үйінде болған аудан басшысы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз