«Еңбек Жолы» республикалық конкурсы

51

0

  Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында Мемлекет басшысының 2013 жылғы 22 қарашадағы Жарлығымен  «Еңбек күні мерекесі жарияланған болатын» осыған орай,  Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Еңбек Жолы» республикалық конкурсының басталуын жариялайды.
            Конкурсқа кәсіпорындардың барлық жұмыскерлері қатыса алады.
                                       Конкурс 3 номинациядан тұрады:
1) «Ең үздік еңбек әулеті» – марапаттар саны ең көп, еңбек өтілімі ең ұзақ, көп мүшелі әулет таңдалады;
2) «Өндірістің ең жас жұмыскері» – еңбек өтілімі 5 жылдан көбірек, өндірістің ең еңбекқор және белсенді жұмыскері таңдалады;
3) «Жұмыс істеуші жастардың ең үздік тәлімгері» – еңбек өтілімі 20 жылдан кем емес, аса тиімді тәлімгер тандалады.
        Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2017 жылдың 20 шілдесіне  дейін қабылданады Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.
         Қажетті сұрақтармен келесі мекен-жайы бойынша хабарласуға болады: Аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері
          Барлық ниет білдірген тұрғындарды және барлық меншік нысанындағы ұйымдардың еңбек ұжымдарын аталаған конкурсқа қатысуға шақырамыз.
Конкурсқа қатысу үшін төмендегідей құжаттар қажет:
1)конкурсқа қатысуға номинациясы көрсетілген өтініш;
2)төлқұжаттың көшірмесі;
3)тиісті номинациясы бойынша 1-3 минуттық бейнеролик (жұмыс орнын және қажет болған жағдайда тәжірибесін көрсете отырып );
4)конкурсқа қатысушы туралы (Microsoft Power Point форматында) 1-3 минуттық компьютерлік презентация;
5)жұмыс берушімен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі немесе жұмыс өтілін растайтын басқа да құжаттар / жұмыс орнынан анықтама; 
6)жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыныс хат;
Қосымша төмендегідей құжаттардың болуы мүмкін 
Марапаттау құжаттардың, алғыс хаттардың, құрмет грамоталарының көшірмелері, біліктілігін  жөғарылату жөніндегі сертификаттар.
Құжаттар мемлекеттік немесе  орыс тілдерінде қабылданады.  
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз