Еңбекшіге баратын жол жөнделуде

41

0

Еңбекшіге баратын жол жөнделудеШиелі. Өткен жылы Шиелі ауданында жолдарды жөндеуге 398 млн. теңге қаржы қаралып, 43 шақырым болатын кенттегі 16 көше, ауылдық округтердегі 34 көше жолы күрделі жөндеуден өтті. Дегенмен аудандық маңыздағы «Самара-Шымкент-Еңбекші» автомобиль жолының 5 шақырымы 2012 жылдан бастап «Батыс Европа – Батыс Қытай» автомобиль жолының құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне орай жүк басылған үлкен көліктердің жүруінен бүгінде тозығы жеткен.
Жолдың бұндай жағдайға жетуіне Қаратау тауының беткейінен инертті құрылыс материалдарын өндіретін 6 каръердің ашылып, «Шиелі тас Оңтүстік», «Аст-Юг-Холдинг» мекемелерінің тас өндіруші каръерлерінен күнделікті 50-70 көлікке дейін жүк тасымалдануы негіз болып отыр. Бұған дейін, жолды қайта күрделі жөндеуден өткізу бағытында жергілікті тұрғындар тарапынан да наразылықтар орын алған болатын. Осы мәселені шешу бағытында аудан әкімдігінің мәжіліс залында жиналыс болып өтті. Қазіргі жағдай бойынша үстіміздегі жылдың 3 сәуірі күні «Самара-Шымкент-Еңбекші» автомобиль жолы жол пайдаланушылар есебінен толық жөнделді. Ойықтарға 200 тонна қиыршық тас төселді. Одан өзге, 80 тонна қиыршық тас жиналып қойылды. Аптасына 2 рет грейдер жүргізіліп, тегістелуде. Ал, жинның қорытындысы бойынша алдағы уақытта аталынған жолды «ССК» ЖШС–і «Қазатомөнеркәсіп жолдары» мекемесінің келісімімен теңгеріміне өткізу жөнінде ұсыныстар дайындалып, жолды күтіп ұсту мен ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу пайдаланушы мекемелер тарапынан бірлесіп шешілетіндігі айтылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз