
Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, қала әкімінің міндетін атқарушы Нұржан Ахатов және ЕҚҚДБ-ның Қазақстандағы өкілдігінің директоры Джанет Хэкман қатысты.
«Бүгін Қызылорда қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату жобасын қаржыландыру туралы алдын ала келісімге қол қойып отырмыз. Аталған жоба қалдықтарды механикалық-биологиялық өңдеу кешенінің, жаңа санитарлық қоқыс полигонның құрылысын, жабдықтар мен станоктарды сатып алуды қамтиды», – деді қол қою рәсімінде ЕҚҚДБ өкілі.
Ал Н.Ахатовтың атап өтуінше, банк бұл жобаны қаржыландыруға 3,6 млрд. теңге бөледі. Несиелендіру мерзімі – 3 жыл. Жобаға қажетті қаржының алғашқы траншы келесі жылы беріледі.
«Жобаны іске асыру кезінде қаламыздың экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы жақсаратын болады. Бұған қоса, жоба тұрмыстық қалдықтарды өңдеудің басқару жүйесін дамытуға да оң әсерін тигізеді», – деді ол.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!