eGov порталында 3-миллионыншы пайдаланушы тіркелді

75

0

eGov порталында 3-миллионыншы пайдаланушы тіркелдіЕgov.kz электрондық үкімет порталында 3-миллионыншы пайдаланушы тіркелді. Ол -Қызылорда облысының тұрғыны Еламан Серкебаев, деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технология» АҚ баспасөз қызметі.

Мекенжай анықтамасы керек болған Еламан Қызылорда облысы Сырдария аудандық ХҚКО-ға жүгінді. Тиісті қызметті көрсеткеннен кейін оған ЭЦҚ алып, egov порталында тіркелу ұсынылды. Осылайша, мерейтойлық үш миллионыншы тіркеу пайда болды.

«Бүгінгі күнге дейін мен электрондық үкімет порталының қызметтерін алып көрген емеспін, бірақ орталық қызметкерлері маған ХҚКО-на келмей-ақ, уақыт үнемдеп барлық анықтамаларды онлайн алуға болатынын айтты. Мен болашақта порталды үнемі қолдануды, анықтамаларды алуды және коммуналдық қызметтерді төлеуді жоспарлап отырмын», – дейді аяқ астынан қуанышқа бөленген Е. Серкебаев.

Мерейтойлық пайдаланушыны Қызылорда ақпараттық технологиялар орталығының директоры Әкімжан Әбішев пен Қызылорда облысы бойынша «ХҚКО» РМК филиалының директоры Аида Абибуллаева құттықтады. Өз құттықтауында Әбішев бүгінгі іс-шара порталдың белсенді пайдаланушылары тек Астана мен Алматыда ғана еместігін дәлелдегенін атап өтті. «Біздің облыста, еліміздің барлық өңірлеріндегідей қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану үшін барлық жағдай жасалған. «Қазіргі кезде халық, әсіресе жастар, интерактивті сервистерді қолданудың артықшылықтарын түсінеді. Электрондық үкімет қызметтерін елордада ғана емес, өңірлерде де белсенді қолданып келеді», – деп толықтырды ол.

Аида Абибулаеваның айтуынша, жыл басынан бері Қызылорда облысында ХҚКО арқылы 76601 адам электрондық цифрлық қолтаңбаны алған. «Әдеттегідей, ЭЦҚ бар азаматтар ХҚКО-ға жиі жүгінбейді. Олар қызметті не үйден, не орталықтағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторынан алады».

Естеріңізге салсақ, ағымдағы жылдың сәуір айында eGov 2-миллионыншы пайдаланушыны атап өткен болатын. Осылайша, сегіз айға жуық уақыттың ішінде электрондық қызметтерді пайдаланушылардың саны экономикалық белсенді халықтың 21,9%-нан 32,8%-ға дейін өсті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз