
Сайыс отбасы күнін насихаттай отырып, шаңырақтың бірлігін нығайту, еліміздің жас өрендерін спортқа баулуды мақсат етеді. Спорттық бәсекеге қаладағы орта мектептерден 5 отбасы іріктеліп, 5 кезеңнен тұратын сайыста ептіліктерін көрсетті. Шарада бірлестік төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Бауыржан Мастеков бәсекеге қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.
Жоғары деңгейде өткен отбасылар сайысы өз мәресіне жетіп, нәтижесінде жүлделі І орынды Сейіткәримовтер отбасы алса, ІІ орын Алтынбаевтар отбасына бұйырды. Ал ІІІ орынды Ергешовтер отбасы еншіледі.