Екі адамды кетпенмен ұрған

46

0

Екі адамды кетпенмен ұрғанСырдария ауданында тұратын азамат екі адамның өміріне қауіп төндірді. Олардың денсаулығына қасақаан ауыр зиян келтірді. 
Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, осыған байланысты Сырдария аудандық сотының үкімімен сотталушы Ж-ның үстінен қылмыстық іс қозғалып, көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы өзінің іс-әрекетінің заңға қайшы екенін біле тұра, осында» әрекеттерге барған. Ішімдік ішкен күйінде жәбірленуші М. Мен А-ны кетпеннің жүзімен бірнеше рет ұрып жазалайды. Ол айыбын толық мойындады. Жәбірленушілермен татуласқанын айта келе, соттан бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады. Сотталушы Ж.-ның жасаған қылмысы Қазақстан Республикасы ҚК-нің 10 бабының 4 бөлігінің талабына сай ауыр қылмыстар санатына жатады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз