
«Бүгінгі ойынының өнегелі болғаны соншалық, бұл футболшыны қорғаныстың сол қапталы бойынша да үздіктер қатарына қоюға болатын еді. Олай дейтініміз, «Астанамен» болған кездесуде Антон қорғаныста тамаша өнер көрсетіп, қонақтардың шабуылы басталдса болды, жартылай қорғаушыдан қорғаушыға айналып жатты. Нәтижесінде, қорғаныста да, алғы шепте де тамаша ойнаған Антон елордалық команданың қақпасынан саңылау тауып та үлгерді», – деп баға беріпті Землянухиннің ойынына sports.kz.
Ал Кирилл Прядкин туралы vesti.kz былай деп пікір білдірген: «Қызылордалық қақпашы үшін 27-турдың ойыны өте шиеленісті болды. Әрдайым ойында болып, 55-минутта Каньяс тепкен пенальтиді қайтарды. Ал бірнеше минут өткенде алаң иелерінің өздері де гол соғып, есеп ашты. Рас, қызылордалықтар жеңісті есепті ұстап тұра алған жоқ. Дегенмен, чемпионат көшбасшыларының біріне қарсы өте жақсы ойнады».
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!