Эконом сотта брифинг өтті

59

0

Эконом сотта брифинг өттіҚызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ереже» тақырыбында брифинг өткізілді.
Брифинг барысында судья Н.Еламанов пилоттық жоба бойынша медиация жүргізу қажет болып табылатын даулардың (жанжалдардың) санаттарына мұрагерлік, некені бұзу және мүлікті бөлу туралы, қарыз келісім шарттары бойынша, сақтандыру және т.б. санаттағы даулар (жанжалдар) жатқызылатынын айтып өтті.
Сонымен қатар, пилоттық жобаға қатысушылар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар, азаматтық істер қарайтын аудандық және оларға теңестірілген соттар, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар және медиаторлар болып табылатындығын айтты.
Шара соңында судья Н.Еламанов БАҚ-ның өкілдеріне алғысын білдіріп, одан әрі бірлесе отырып жұмыс жасауға шақырды.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық
экономикалық сотыныңбаспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз