ЕКПЕ ТҮРЛІ ДЕРТТЕН САҚТАЙДЫ

53

0

 Жуырда облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «Амбулаториялық емханалық қызметі бар Сырдария аудандық  орталық ауруханасы» мекемесінің ұйым­дастыруымен «Аудан көлемінде БЦЖ екпесінен бас тарту жағдайының алдын алу» тақырыбында «дөң­гелек үстел» өтті.

Осы жылдың тамыз айында ауданда босанған ана баласына БЦЖ екпесін егуден бас тарту жағдай орын алынған болатын. Шараның негізгі мақсаты – алдағы уақытта БЦЖ екпесінен бас тарту жағдайын болдырмау.

Оған «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының аудандық емдеу-сауықтыру меке­­месінің басшылары мен сала мамандары қатысты.

Екпе егу балаларды туберкулезден қорғайды, перзентханаларда барлық нәрестелерге жасалынуы тиіс, қарсы көрсетілім (шала туылған нәрестенің салмағына байланысты)  жағдайда 1 жасқа дейін (аймақта) егіледі. Сондай-ақ, балаларға БЦЖ ревакцинациясы 6-7 жас аралығындағы қайта егіледі.  Ауданда  балаларды  туберкулезге  қарсы егу  95 пайызды құрап отыр.

Жиында сөз алған аудандық қоғамдық денсаулық басқармасының туберкулезді алдын алу бойынша маманы Ұ.Нұрбаева: «БЦЖ екпесін егу ешқандай зиян келтірмейді. Өз уақытында екпе егілген бала туберкулезбен ауырмайды. Ауырған жағдайда туберкулез жеңілірек өтеді. Нәрестені 95 пайыз қорғайды. Екпеден кейін иммунитеті орташа 5 жыл сақталады. Қайталау (ревакциналау) 7 жаста егілетін болады», – деп атап өтті.

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының Сырдария ауданы бойынша маманы Г.Жанәлиева да екпенің пайдасын айтты.

Шын мәнінде перзентханада нәрестеге  алғашқы салынған екпеден соң да 2, 3, 4, 12, 15, 18 айларында түрлі дертке қарсы екпе салынуы тиіс. Сонан соң 6 жаста, 16 жаста одан әрі 10 жыл сайын екпе егіледі. Бұл республикада бекітілген егулердің ұлттық күнтізбесінде анық көрсетілген. Қазіргі заманда екпе туралы ақпараттың кез келген жағдайда сұралуы мүмкін. Балаңыз демалыс орнына барса да, оқуға түссе де, тіпті, қызметке орналасса да арнайы анықтаманы сұратып жатады. Сондықтан, баланың туылғаннан бастап салынатын екпелерді уақытылы салынуын қадағалау учаскелік дәрігердің ғана емес, ата-ананың міндеті екенін ұғынған жөн.

Барлыбек БАТЫР.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз