«ЭКСПО-2017» көрмесі туралы шетелдік БАҚ не дейді?

232

0

Әлемнің 115 мемлекеті қатысып жатқан «ЭКСПО-2017» көрмесінің басты символы – «Нұр Әлем» павильоны. Ол әлемдегі сфера пішіндегі жалғыз ғимарат. Оның диаметрі 80, ал биіктігі 100 метр. Аталмыш ғимаратқа шетелдік министрлер де өз таңданысын жасыра алмаған болатын. Осы орайда Baq.kz тілшісі Vesti.ru cайтының «Нұр Әлем» туралы жазған мақаласын назарларыңызға ұсынады.
8 қабаттан тұратын сфера пішіндегі ғимарат арнайы «ЭКСПО-2017» көрмесі үшін салынған. Сондай-ақ, көрмеде 115 мемлекеттің павильоны орналасқан.
Үлкен сфераға кіріп, жоғарыдан төменге қарасаңыз өзіңізді энергия ағынында жүргендей әсер аласыз. Қазақстандағы ғиматтардың ішінде «Нұр Әлемнің» де алар орны ерекше. Себебі, «ЭКСПО» көрмесінің тақырыбы – «Болашақ энергиясы». Біздің ғаламшарымызға зиянын тигізбейтін энергия көзін табу өте маңызды. Сондықтан күн, жел, су ресурстары болашақтың энергиясы ретінде есептелінеді. Кейбір мемлекеттер өз болашағын аталмыш энергия көздерімен байланыстырады. Оның қатарында Қазақстан да бар.
Республика мұнай мен газдың мол қорына ие болғандығына қарамастан қазірдің өзінде үйлерді күннен қуат алатын батареялармен әрі желден энергия өндіретін арнайы құралдармен салуда.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстанда президенттің арнайы бағдарламасы жұмыс істей бастады. Оған Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ерекше назар аударуда. Аталмыш бағдарламаға сәйкес 2050 жылы елде өндірілетін энергияның 50% жасыл энергиядан алынуы тиіс. Бұл баламалы энергия көздеріне қатысты. Аталмыш энергия жайлы ақпаратты сіз «Нұр Әлем» павильонынан табасыз.
Мұнда қазақстандық және басқа мемлекеттермен бірігіп жасалған жобалар әрі футуристикалық экспонанттар бар. Мысалы, павильонда күннің қуатымен жүретін көліктің кішірейтілген түрі қойылған. Ал нағыз көлік Голландияда. Жоба авторларының айтуынша, әлемдегі күннен қуат алатын ерекше автомобиль шамамен 500 шақырымды бағындыра алады екен. Сонымен қатар кейбір экспозициялар арқылы тура мағынасында энергияны қолмен ұстап көруге болады. Бұл – «Нұр Әлем» павильонына қойылған экспозициялардың ерекшелігі. Себебі, қызықты әңгімелер мен өнертабыстардың техникалық ерекшеліктерімен қарапайым келушілерлерді ғана емес әсіресе балаларды қызықтыру қиынның қиыны.
Арнайы стендтер арқылы сіз күн, жел және су энергиясының не екендігін біле аласыз. Сондықтан көрмеде көп балалардың жүргендігін аңғаруға болады.
Сондықтан олар түрлі тәжірибелерге қуана-қуана келіседі. Мысалы, стендтердің бірінде 5, 17 тіпті 25 метр жылдамдықпен соғатын желдің қандай екендігін сезінуге болады. Ол үшін арнайы қойылған бағанадан ұстап тұруыңызға тура келеді. Сондай-ақ мұнда конструктор арқылы өз қолыңызбен «гидроэлектростанцияны» салуға болады. Нәтижесінде өзендегі су сарқырап ағып, энергия өндіре бастайды. Мұны көрген балалардың қуанышында шек жоқ.
Мұнда толқынның қалай пайда болатындығын, жел энергиясының матаны жоғарыға қалай ұшырғандығын, энергияны басқа адамға қалай беруге болатындығын көруге болады әрі интерактивті экран арқылы жануардың көмегімен өсімдік өсіре аласыз.
Павильонда ересектер мен балаларға арналған танымдық экспозициялар өте көп. Тек «сфераны» аралауға жарты күніңіз кетеді.
Айта кетейік, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі 10 қыркүйекке дейін жұмыс істейді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз