
«Халықаралық көрмені өткізуге қанша қаржы жұмсалғанын айтуға әлі ерте. Біз бұл санды міндетті түрде айтамыз. Бірақ осы уақытқа дейін «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге 400 млрд-қа жуық теңге жұмсалды. Бұған барлық атқарылған жұмыс кіреді. Егер мұны доллармен есептесек, 1 млрд 300 млн», – деді төраға.
Естерiңiзге сала кетсек, «ЭКСПО» көрмесіне 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысуда. Көрме «Болашақ энергиясы» тақырыбына арналған. Ал Есімов бұған дейін көрме құрылысы мен дайындық барысында қандай қиындықтар кездескенін айтқан болатын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!