«ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған мерекелік концерт

60

0

«ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған мерекелік концертТереңөзек кентінің орталық алаңда «ЭКСПО-2017» көрмесін насихаттау мақсатында аудан тұрғындарына арналып, мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік концертті «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Омаров, «Жас Отан» жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының директоры Абылайхан Сабанбаев ашып, тұрғындарға «ЭКСПО-2017» көрмесінің ауқымдылығы жөнінде ақпараттар берді. Сонымен қатар аудан, облыс көлемінде аталмыш көрмеге байланысты жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Аудан тұрғындары мен қонақтарына арнап, облыс өнерпаздары өнер көрсетті. Атап айтқанда, «White Moon» би тобы заманауи би билесе, Жарқынбек Қарғабаев «Туған жер» әнін нақышына келтіріп шырқады және басқа да өнерпаздар мерекелік кеште аудан тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Шара барысында көрме жөнінде арнайы парақшалар таратылып, бүкіл әлемдік көрмелер тарихы түсіндірілді. Сонау 1851 жылы Лондонда бастау алған көрме жұмысы осы күнге дейін жалғасын тапқан. «ЭКСПО-2017» көрмесі 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Осы орайда көрменің бас­ты жаңалықтары көзбен көруге ниетті тұрғындар арасында ойындар ойнатылып, екі билет ұтысқа қойылды. Нәтижесінде кенттің екі тұрғыны көрмеге баруға мүмкіндік алды. Көпшілікке тарту ретінде жайдарман сахнасында өнер көрсетіп жүрген әзілкештер үздік әзілдерін жиналғандарға ұсынды. Осылайша көпшілік қауымға шуақты мереке сыйлаған өнерпаздар халық көңілінен шықты десек болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз