
Бұл туралы elorda.info хабарлады.
Көрме билетін Қайрат Мамаев сәуір айында сатып алыпты. Ол Шымкенттегі жоғары оқу орындарының бірінде технология және инновациялар ісі бойынша проректор қызметін атқарады.
«Мен ЭКСПО-да ғылымдағы жаңа тенденциялар мен инновациялармен таныстым. «Нұр әлем» аймағы мен шет мемлекеттердің павильондарын көрдім. Ал басшылық мені миллионыншы билет иегері ретінде Астанаға шақыртып, құнды сыйлықтар табыстады», – дейді Қайрат Мамаев.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!